Мен шетелдік биржаларда бағалы қағаздарды сатып аламын
Біз KASE, AIX және басқа да қазақстандық биржаларда бағалы қағаздарды сатып алу арқылы салық төлеу қажеттігін айтып бердік. Бүгін шетелдік биржаларда, соның ішінде Interactive Brokers немесе TD Ameritrade онлайн биржаларында, бағалы қағаздармен сауда-саттық жасасаныз қалай салықты төлеу туралы айтып береміз
Алдымен анықтау керек, Қазақстан бен табыс табатын ел арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім жасалды ма.
Келісім жасалды. Мысалы, Қазақстан мен АҚШ арасында осындай келісімге қол қойылған. Бұл АҚШ-та салық мөлшерін азайтады, ал Қазақстанда салық мүлдем төленбеуі мүмкін. Алайда, бұл үшін W-8ben нысанына қол қойып, еліміздің салық органдарына американдық брокерден 1042-s нысанын ұсыну қажет.
Егер мұның бәрі жасалса, салық мөлшерлемесі келесідей болады:
дивидендтерге: Қазақстанда салық салынбайды, АҚШ-та-15%;
купондарға:Қазақстанда салық салынбайды , АҚШ-та-10%;
бағалы қағаз құнының өсіміне салық: Қазақстанда - 10%, АҚШ-та салық салынбайды
Келісім жоқ. Бұл жағдайда Қазақстанда салықты төлеу керек:
дивидендтерге - 5%;
купондарға салық салынбайды;
бағалы қағаз құнының өсуіне - 10%
Егер келісім жасалса, бірақ инвестор Қазақстанның салық органдарына 1042-s нысанын ұсынбаса, дәл осындай мөлшерлемелер салық төлеуге міндетті болады.
Салық салынатын ел оффшорлық аймақ болса. Бұл жағдайда сату құнының өзі бағалы қағаз құнының өсімінен түсетін кіріс болып саналады. Мысалы, сіз акцияны 100 долларға сатып алсаныз, сонан кейін 150 долларға саттыңыз. Ең қызығы, 150 сомасына салық салынады.
Кірістерді декларациялауды ұмытпаңыз. 240 салық нысанын өзіңіз толтыруыңыз керек. Келесі жылдың наурыз айының соңына дейін мерзімдер туралы ұмытпай, оны салық органдарына тағыда өзіңіз тапсыру тиістісіз.