InvestFuture

Теңге қымбаттайды

Прочитали: 816
Теңге қымбаттайды

Мұндай пікірді қаржы нарығының кәсіби мамандары білдірді. Банк, сақтандыру және брокерлік ұйымдардың өкілдері Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) сауалнамасына қатысқан. Олар ҚҚҚ сұрақтарына жауап берген және аталған негізгі индикаторлар бойынша төмендегідей өз пikiр-болжамдарын білдірді.

  1. Теңгенің долларға қатысты бағамы

Сарапшылардың пікірінше, қараша айында бір доллардын бағамы  477,71 теңге деңгейінде болуы мүмкін, ал бір жылдан кейін 496,4 деңгейінде болжанады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметінің базалық сценарийі бойынша бір доллардың есеп айырысу бағамы 470 теңгені құрайды.

  1. Инфляция

Сарапшылар инфляция туралы болжамдарын нашарлатты. Бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның орташа деңгейі 12,9%  дейін өсті (бұрын 12,5% болған ). Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі 2023 жылы инфляцияны 7,5-9,5% деңгейінде, ал 2024 жылы 4-5% деңгейінде күтеді, кейіннен 2025-2027 жылдары 3-4%  дейін төмендеу болжануда.

  1. Ұлттық Банк 26 қазандағы базалық мөлшерлемеге қатысты қандай шешім қабылдайды?

Осы сұрақ бойынша сарапшылардың бірнеше пікірге бөлінді. 

  • 50% - базалық мөлшерлеменің өсуін күтеді;
  • 43% - базалық мөлшерлеменің сол деңгейде сақталуын күтуде;
  • 7% - базалық мөлшерлеменің төмендеуін күтуде.
  1. Мұнай бағасы және Қазақстанның жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)

Сарапшылардың  пікірі бойынша, мұнай бағасы алдағы ағымдағы 12 айда өзінің қымбат қалпын сақтайды және мұнайдың 1 баррелі шамамен $91 құрайды. Қара алтынның жоғары бағасы елдің ЖІӨ динамикасына тиісті әсер етеді. Сарапшылар бір жылдан кейін Қазақстанның экономикасы 3,2% өседі деп күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі базалық сценарийi бойынша мұнай бағасы барреліне $85 көлемінде күтілуде. 2023-2027 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсуі 3,9% деп болжайды, оның ішінде 2023 жылы 4% құрайды.

Оцените материал:
(оценок: 38, среднее: 4.66 из 5)
Читайте другие материалы по темам:
InvestFuture logo
Теңге қымбаттайды

Поделитесь с друзьями: